KZ
5.0
(0 отзывов)

NBL ОСТЕО ФОРМУЛА

Формула 9 элементтері сүйек пен тіс тіндерінің минералдық тығыздығын сақтап, жақсартуға арналған.

Белсенді ингредиенттер:

Минералдар:

  • Кальций 400 мг
  • Магний 150 мг
  • Селен 25 мкг
  • Мырыш 5 мг
  • Мыс 0,5 мг
  • Марганец 0,3 мг
  • Бор 1 мг

Витамины:

  • D3 дәрумені 10 мкг
  • С дәрумені 90 мг
Шығарылу түрі:
№30 таб.
Қайдан сатып алуға болады?

Әсері:

  • Кальций, магний, D3 дәрумендерімен микроэлементтердің жетіспеушілігін алдын алу және толықтыру
  • Түрлі шығу тегі бар остеопороздың алдын алу:

 

— Менопауза кезінде әйелдерде (табиғи немесе хирургиялық)
— Глюкокортикостероидтар немесе иммунодепрессанттарды ұзақ қабылдайтын адамдарда

  • Кальций, магний және D3 дәруменінің қосымша көзі:

 

— Жүктілік және бала емізу кезінде
— Сынған сүйектердің жазылу кезеңінде.

Сүйек тінінің минералдық тығыздығын қалыптастыру және сақтау остеогенді микроэлементтермен — кальций, магний, D дәруменімен және сүйек қаңқасының синтезіне және оның минералдануына қатысатын остеотропты микроэлементтермен қамтамасыз етілуімен байланысты. Остеотропты микроэлементтердің қосылуы кальцийдің тиімділігін арттырады.

 

Кальций

 

Кальций ағзада маңызды рөл атқарады, әсіресе ол тістер мен сүйектердің қалыптасуына, сүйек тінінің құрылымдық өзгерістерінің алдын алуға және оның табиғи жаңаруына, сондай-ақ тері, шаш және тырнақтың сау күйін сақтауға қажет.

 

Магний 

 

Магний Кальций ағзаға сіңуі үшін магний қажет, екеуі бірге ағзаға түсуі тиіс. Магний кальцитонин деңгейін арттырып, кальцийдің қаннан сүйек тініне өтуін күшейтеді және оның артық мөлшерін несеппен шығарады.

 

D3 дәрумені

 

D3 дәруменінің сүйек денсаулығы үшін және жалпы адам ағзасына пайдасы өте зор. D3 дәрумені кальцийдің ішекте сіңуін айтарлықтай арттырады, сондықтан бұл дәруменнің жеткілікті деңгейде түсуі кальций жетіспеушілігін толықтыру кезінде маңызды рөл атқарады.

 

Мыс, марганец және мырыш

 

Мыс, марганец және мырыш ферменттердің кофакторлары бола отырып, сүйек матрицасын құрайтын коллаген мен гликозаминогликандардың синтезіне жауапты. Сүйек матрицасы — кальций ұсталып тұратын сүйек тінінің қаңқасы.

 

 

С дәрумені

 

С дәрумені кальцийдің ас қорыту жүйесінде сіңуін арттырады және асқазан сөлінің қышқылдығы деңгейіне тәуелсіз етеді. Сондай-ақ, С дәрумені сүйек матрицасының құрылымдық элементі болып табылатын коллагеннің синтезіне белсенді қатысады.

 

Бор

 

Бор паратиреоидты гормонның белсенділігін реттей отырып, кальций, магний және фосфордың сүйек тінінен жоғалуын (деминерализация) болдырмайды.

 

Селен

 

Селеннің жетіспеушілігі, кальций мен D3 дәруменін жеткілікті тұтынғанда да, сүйек массасының жоғалуына әкеледі. Селен селенопротеиндердің негізгі компоненті болып табылады. Селенопротеиндер сүйек тінін ремоделдеу процесіне қатысады және остеобластар мен остеокласттардың белсенділік қатынасына әсер етеді. Олар остеокласттарды (сүйек тінін бұзатын жасушалар) тежейді және остеобластарға (сүйек тінін синтездейтін жасушалар) антиоксиданттық қорғаныс береді. Селенді тұтыну егде жастағы адамдарда сан сүйегінің сынуының алдын алады және постменопаузалық кезеңдегі әйелдерде сүйек минералдық тығыздығына оң әсер етеді.

 

9 элементтің күші — сау сүйектер үшін. Сау сүйектердің формуласы.

 

 

Қолдану тәсілі:

Күніне 1 таблеткадан тамақтану кезінде қабылдау ұсынылады.

 

Қарсы көрсетілімдері:

 

Өнім құрамындағы компоненттеріне жеке төзімсіздік.

 

Жарамдылық мерзімі:

 

2 жыл

 

Сақтау шарттары:

 

Балалардың қолы жетпейтін жерде, 25°C-тан аспайтын температурада сақтау қажет.

 

 

Бұл биологиялық белсенді қоспа, дәрі-дәрмек болып табылмайды.
Өндіруші: Vitaquest International, LLC. 8 Henderson Drive, West Caldwell NJ 07006, АҚШ.
KG.11.01.09.003.R.006697.12.21   31.12.2021
Пікірлер әлі жоқ!

Өз пікіріңізді қалдыра аласыз:

Сіздің бағаңыз

Сіздің атыңыз*

Email*

Пікір*

Құпиялылық саясаты

Бұл Құпиялылық саясаты осы Сайтқа қолданылады. Осы Сайтты қарағаннан кейін, қолданылатын сайттың құпиялылық саясатын қамтитын мәтінді оқыңыз. Егер осы Құпиялылық саясатымен келіспесеңіз, осы Сайтты пайдалануды тоқтатыңыз. Кез келген нысанды толтырып және осы Сайтты пайдаланып, сіз төменде келтірілген Құпиялылық саясатының шарттарымен келісетініңізді білдіресіз. Сайт келушілердің құпиялылығын қорғайды.

Жеке ақпарат

Сізге қызмет көрсету, сұрақтарға жауап беру, қалауларыңызды және талаптарыңызды орындау үшін сіздің аты-жөніңіз және телефон нөміріңіз сияқты ақпарат қажет. САЙТ осы ақпаратты сұрауларға жауап беру үшін, сондай-ақ сізге САЙТ ұсынатын қызметтер мен жарнамалық акциялар туралы ақпарат беру үшін телефон арқылы байланысу мақсатында пайдалана алады. Сізден кез келген толтырылған нысанды жіберу арқылы сұрау келген кезде, САЙТ сізге қызмет көрсету және сұрақтарға жауап беру үшін қажетті қосымша ақпаратты алу үшін сізбен байланысуы мүмкін. САЙТ бұл ақпаратты сіздің рұқсатынсыз үшінші тұлғаларға бермеуге міндеттенеді, сіздің қызмет көрсетуіңізге қажетті ақпаратты қоспағанда. Өз тарапынан, сіз САЙТ-қа жоғарыда көрсетілген әрекеттерді орындау үшін сізбен берілген кез келген ақпаратты пайдалануға құқық бересіз.

**Қауіпсіздік**

Жеке деректерді кез келген түрде беру (жеке, телефон арқылы немесе Интернет арқылы) әрқашан белгілі бір тәуекелмен байланысты, өйткені толық сенімді (қаскүнемдік әрекеттерден қорғалған) жүйелер жоқ, бірақ САЙТ тәуекелді барынша азайту және сіздің жеке деректеріңізге рұқсатсыз қол жеткізуді, рұқсатсыз пайдалануды және бұрмалауды болдырмау үшін қажетті тиісті шараларды қабылдайды.

 

Кәмелетке толмағандар

 

САЙТ ата-аналарының немесе заңды қамқоршыларының келісімінсіз 18 жасқа толмаған адамдардан ешқандай ақпарат қабылдамайды. Сонымен қатар, 18 жасқа толмаған адамдар ата-аналарының немесе заңды қамқоршыларының келісімінсіз, заңнамада рұқсат етілген жағдайларды қоспағанда, осы Сайтта ешқандай сатып алу немесе өзге де заңды әрекеттерді орындай алмайды.

Өзгерістер

САЙТ осы Құпиялылық саясатын өзгертуге, қолжетімділік шарттарын өзгертуге немесе шектеуге, сондай-ақ сайттың мазмұнын алдын ала ескертусіз өзгертуге құқылы.

Сіздің пікіріңіз тексеруге жіберілді және жақын арада жарияланады! Рақмет!

Сіздің өтінішіңіз қабылданды, жақын арада біздің менеджер сізбен байланысады!