Медициналық бұйымның қолданылу саласы және тағайындалуы:
Терапия, оториноларингология.
Қолданылуы:
- Ересектер мен 2 жастан асқан балалардың күнделікті мұрын қуысының гигиенасы.
- Мұрын қуысын қою секреттен, қан ұйығыштарынан, аллергендерден, тітіркендіргіш заттардан, бөгде бөлшектерден тазарту.
- Мұрынның шырышты қабығын ауру тудыратын бактериялар мен вирустардан тазарту үшін жедел (мысалы: ЖРВИ, тұмау) және созылмалы риносинуситтерді кешенді емдеу және профилактика.
- Мұрынның шырышты қабығын физиологиялық рН бұзбай ылғалдандыру, мұрынның шырышты қабығының табиғи функцияларын қалпына келтіру.
- Мұрын-жұтқыншақ қуысында медициналық манипуляциялардан, хирургиялық операциялардан кейінгі жай-күй.
Осыған сәйкес медициналық бұйым өндірілген нормативтік құжаттың атауы:
Өндірушінің спецификациясы.
Қолдану тәсілі:
Интраназальді
- Ересектерге күніне 3–4 рет, әр танауға 2–3 бүркуден.
- 2 жастан асқан балаларға күніне 2–3 рет, әр танауға 1–2 бүркуден.
- Пайдалану жиілігі дәрігердің ұсынысы бойынша азайтылуы немесе көбейтілуі мүмкін.
Мұрынға арналған спрейді қолдану ережелері:
- Қорғаныс қалпақшасын алып тастау керек. Анатомиялық қондырманы қайнаған сумен немесе этил спиртінің ерітіндісімен өңдеу керек.
- Құтыны тігінен ұстау керек. Алғашқы тамшылар пайда болғанша дозаторды бірнеше рет басу керек.
- Тік күйде (отырып немесе тұрып) болу керек. Басын сәл алға және бүйірге еңкейту, анатомиялық қондырманы мұрын жолына салу керек.
- Дозаторды басып, бірнеше секунд бойы ұстап тұрыңыз, осылайша мұрын жолын шайыңыз.
- Шаятын сұйықтықтың қалдықтарын сіңбіру арқылы немесе аспиратордың көмегімен (қажет болған жағдайда балаларда) алып тастаңыз.
- Емшараны басқа мұрын жолымен жүргізіңіз. Қажет болса, емшараны қайталаңыз.
Гигиеналық себептерге байланысты, жеке қолдануға арналған.
Дәрілік өзара әрекеттесулер:
Байқалған жоқ.
Қолдануға болмайтын жағдайлар, дұрыс пайдаланбаған жағдайда алғашқы көмек көрсету шаралары:
- 2 жасқа дейінгі балалар.
- Егер сіз қолданғаннан кейін бірнеше минут ішінде аллергиялық реакцияның қандай да бір түрін байқасаңыз, оны қолдануды тоқтатып, мұрныңызды таза сумен жақсылап шайыңыз, қажет болған жағдайда медициналық көмекке жүгініңіз.
- Егер сіз осы бұйымды пайдалануға байланысты қандай да бір елеулі оқиғаларды байқасаңыз, бұл туралы Қазақстан Республикасындағы уәкілетті өкілге дереу хабарлаңыз.
Айрықша нұсқаулар:
- Жүктілік және бала емізу қарсы көрсетілім болып табылмайды.
- Егер сізде теңіз суының компоненттеріне аллергия болса, қолданар алдында дәрігерге немесе фармацевтке хабарлауды ұмытпаңыз.
- NBL SOLEMAR® мұрын спрейін қолданар алдында қолдану жөніндегі нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз.
- Ашылған немесе кесілген қаптаманы сатып алмаңыз.
Жағымсыз реакциялар:
Анықталған жоқ.
Медициналық бұйымды сақтау мерзімі мен шарттары туралы ақпарат:
- Сақтау мерзімі: 3 жыл.
- 25ºС-ден аспайтын бөлме температурасында сақтаңыз.
- Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз. Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
- Қаптаманы күн сәулесі мен 50ºС-ден жоғары температураға ұшыратпаңыз.
- «Bag on valve» технологиясы бойынша өндірілген, өрт және жарылысқа қауіпсіз.
Кепілдіктер:
- ISO 13485:2016 медициналық бұйымдар нормаларына сәйкес келеді.
- EC 2195 сертификатымен рұқсат етілген.
Медициналық бұйымды өндіруші және оның уәкілетті өкілі туралы мәліметтер
Өндіруші-ұйым:
Өндірушінің атауы: Iyon Sağlık Medikal Kozmetik İth. İhr. San. Tic. A.Ş.
Заңды мекенжайы: Osmangazi Mahallesi, Battalgazi Сaddesi, №:15/1 Sancaktepe – İСТАНБУЛ, Turkey
Өндірістік алаң:
Өндірушінің атауы: Iyon Sağlık Medikal Kozmetik İth. İhr. San. Tic. A.Ş.
Заңды мекенжайы: Osmangazi Mahallesi, Battalgazi Сaddesi, №:15/1 Sancaktepe – İСТАНБУЛ, Turkey
Медициналық бұйымның тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты өндірушінің Қазақстан Республикасының аумағындағы уәкілетті өкілінің атауы және мекенжайы:
«Нобель Алматы фармацевтикалық фабрикасы» АҚ
Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Шевченко к-сі, 162 Е
Телефон нөмірі: (+7 727) 399-50-50
Факс нөмірі: (+7 727) 399-60-60
Электронды пошта: nobel@nobel.kz
Қазақстан Республикасының аумағында тұтынушылардан медициналық бұйым бойынша шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын ұйымның атауы және мекенжайы:
«Нобель Алматы фармацевтикалық фабрикасы» АҚ
Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Шевченко к-сі, 162 Е
Телефон нөмірі: (+7 727) 399-50-50
Факс нөмірі: (+7 727) 399-60-60
Электронды пошта: nobel@nobel.kz
Медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықтың шығарылғаны немесе соңғы қайта қаралғаны туралы деректер: 17.07.2023