2024 жылғы 14 наурызда Cell BioTech Co. Ltd. (KOSDAQ: CBT/049960) компаниясы NBL пробиотиктерінің құрамындағы барлық пробиотикалық штамдардың АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасы (FDA) тарапынан GRAS (Generally Recognized As Safe — жалпыға қауіпсіз деп танылған) статусын алғанын жариялады. Бұл статус микроорганизмдердің тағамдық өнімдер мен қоспаларда қолдануға қауіпсіз екенін растайды.
FDA мақұлдаған Cell Biotech компаниясының патенттелген пробиотикалық штамдары:
- Streptococcus thermophilus CBT ST3
- Lactobacillus acidophilus CBT LA1
- Lactobacillus rhamnosus CBT LR5
- Bifidobacterium longum CBT BG7
- Bifidobacterium bifidum CBT BF3
- Lactobacillus casei CBT LC5
- Lactobacillus rhamnosus CBT LR5
- Bifidobacterium plantarum CBT LP3
- Bifidobacterium lactis CBT BL3
FDA мақұлдауы — Қауіпсіздік кепілі
FDA тарапынан берілетін GRAS сертификаты — бұл бүкіл әлемде микроорганизмдердің адам тұтынуы үшін қауіпсіз екенін растайтын ең қатаң қауіпсіздік процедураларының бірі. FDA-ның «Ескертусіз» нострификациясын алу өнімнің тағамдық қоспаларда қолдануға арналған қауіпсіздігін дәлелдейтін ауқымды ғылыми деректерді талап ететін қатаң бағалау процесін қамтиды.
Тұтынушылар үшін бұл нені білдіреді:
- Қауіпсіздік кепілі: GRAS статусы FDA тәуелсіз сарапшыларының пробиотикалық штаммдарды тағамдық өнімдер мен қоспаларда қолдану үшін қауіпсіз деп танитынын білдіреді.
- Ғылыми дәлелдеме: FDA пробиотиктердің қауіпсіздігі мен тиімділігін дәлелдейтін зерттеулерді мойындайды, бұл олардың жоғары сапасы мен қауіпсіздігін кепілдейді.
Cell Biotech пробиотиктерді зерттеу мен әзірлеу жұмыстарын жалғастыра отырып, өнім сапасы мен қауіпсіздігі жағынан әлемдік көшбасшы болып қала бермек.
Cell BioTech Co. Ltd. бас директорының пікірі:
«Біз АҚШ-тағы бизнесіміздің ұзақ мерзімді өсуін қамтамасыз етудегі осы маңызды қадамды жасағанымызға өте қуаныштымыз. Пробиотикалық ингредиенттерді жеткізушілер көп болғанына қарамастан, біздің патенттелген технологияларымыз бен сапаны бақылау әдістеріміз масштабтылық пен сенімділікті қамтамасыз етеді. FDA-дан GRAS статусын алу — жаңа клиенттердің сенімі мен адалдығын арттыру үшін маңызды болды», — деп атап өтті доктор Мюн Джун Чунг, Cell BioTech Co. Ltd. компаниясының бас директоры.
Дереккөз: fox16.com